ПАЯЕВ
АЙБЕК
МИНАИМБЕКҰЛЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, депутат

Депутатқа хат
Өмірбаяны

ПАЯЕВ АЙБЕК МИНАИМБЕКҰЛЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

1980 жылы 29 ақпанда туған.

Заңгер және экономикалық білімі бар. Тергеуші-криминалист мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық-заң университетінің заң факультетін, сондай-ақ халықаралық экономист мамандығы бойынша "Қайнар" университетінің әлемдік экономика факультетін бітірген.

2003-2004гг. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мемлекеттің, келісімшарттардың мүліктік құқығын қорғау және шағымдану-қуыным жұмыстары басқармасы Келісімшарттар және шағымдану-қуыным жұмыстары бөлімінің жетекші маманы міндетін атқарушы, жетекші маман

2004-2005гг. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Заң басқармасының нормативті құқықтық актілер жобасын сараптау және құқықтық талдау бөлімінің жетекші маманы

2005-2006гг. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Заң басқармасының құқықтық мәселелерді түсіндіру, келісім шарттарды сараптау және талдау жұмыстары бөлімінің бас маманы

2006-2011гг. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Акциздерді әкімшілендіру, Жанама салықтар басқармаларының бас маманы, бастығы

2011-2012гг. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Ақмола облысы бойынша Салық департаментінің бастығының орынбасары

2012-2014гг. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің басшысы

2014-2017гг. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы

2017-2020гг. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы

2020-2021гг. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы

2021 жылғы қаңтардан бастап – VІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, «Қазақстан халық партиясының» партиялық тізімі бойынша сайланған.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016) медалімен, «Салық қызметінің үздігі» (2014), «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 20 жыл» (2014), «Қаржы қызметінің үздігі» (2016), «Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына 20 жыл» (2017), «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздіқ комитетіне 25 жыл» 2017), «Қазақстан Республикасың полициясына 25 жыл» (2017), «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгілерімен марапатталған, сондай-ақ Ресей Федерациясы Федералдық кеден қызметінің Приволжская кеден басқармасы Орынбор кеденінің алғыс хаты мен «Орынбор кеденіне 30 жыл» медалі (2019) бар.

Үйленген, екі баласы бар.