1957 жылы 29 қыркүйекте Қарағанды облысы Саран қаласында туған.
1981 жылы БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомолдық мектебін (Мәскеу қаласы) бітірді, тарих және қоғамтану оқытушысы;
1989 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірді, аспирантура, саясаттанушы.
1974 - 1977 жылдары «Қарағанды тұрғын үй құрылысы» трестінің құрылыс материалдары және конструкциялары комбинатының электр ұстасы болып жұмыс істеді, Қарағанды қ-сы;
1977 ж. бастап 1981 ж. дейін БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары мектебінің тыңдаушысы, Мәскеу қ-сы;
1981 ж. бастап 1982 ж. дейін Қазақстан ЛКЖО Қарағанды обкомының комсомолдық жұмыстар кабинетінің меңгерушісі, Қарағанды қ-сы;
1982 ж. бастап 1984 ж. дейін – Қазақстан ЛКЖО Теміржол аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Қарағанды қ-сы;
1984 ж. бастап 1985 ж. дейін - Қазақстан ЛКЖО Қарағанды обкомының комсомол ұйымдары бөлімінің меңгерушісі, Қарағанды қ-сы;
1985 ж. бастап 1989 ж. дейін – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің аспиранты, Қарағанды қ-сы;
1989 – 1992 жылдар аралығында – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы, аға оқытушысы, доцент, Қарағанды қ-сы;
1992 – 1994 жылдар аралығында – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің саясаттану және әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі, Қарағанды қ-сы;
1994 - 1995 жылдар аралығында - депутат, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің мемлекеттік құрылыс және аймақтық саясат мәселелері бойынша комитеті төрағасының орынбасары, Алматы қ-сы;
1995 - 1996 жылдар аралығында – бірінші орынбасар, «Қазақстанның Ұлттық конгресі» партиясы төрағасының м.а., Алматы
қ-сы;
1996 - 2002 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Астана қ-сы;
2002 жылғы наурыздан бастап шілдеге дейін - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің ұйымдастырушылық-аймақтық бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Астана қ-сы;
2002 ж. шілдеден бастап 2003 жылға дейін – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ президентінің кеңесшісі, Астана қ-сы;
2003 ж. бастап 2004 ж. дейін – «Отан» Республикалық саяси партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Алматы қ-сы;
2004 - 2005 жылдар аралығында – «Отан» Республикалық саяси партиясы саяси кеңесінің үйлестіруші-хатшысы, Алматы қ-сы;
2005 - 2007 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Астана қ-сы;
2007 - 2011 жылдар аралығында – төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы, Астана қ-сы;
2012 жылғы 20 қантардан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы, Астана қ-сы;
Ғылыми дәрежесі: тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.
«Құрмет» орденімен марапатталды.
Ағылшын, неміс, қазақ (сөздікпен) және орыс тілдерін меңгерген.
Үйленген, ұлы бар.