Торғаев
Бекқали
Нұрғалиұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өмірбаяны

ТОРҒАЕВ Бекқали Нұрғалиұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі 1961 жылы 17 қарашада Жамбыл облысы, Мерке ауданы, Киров колхозында дүниеге келді. 1969 жылы Киров атындағы орта мектепке 1 сыныпқа барып, 1979 жылы 28 маусымда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Новотроицк ауылында М. Әуезов атындағы орта мектепті аяқтады. 1979 жылы Алматы қаласындағы Қазақ ауылшаруашылық институтына түсіп, 1984 жылы «агрономия» мамандығы бойынша бітірді. 2012 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін «экономика» мамандығы бойынша бітірді.. 1984 жылы Казақ ауылшаруашылық институтында әскери дайындықтан өтіп, лейтенант шенін алды, КСРО ҚМ 1984 жылғы 15 қарашадағы № 289 бұйрығымен берілген, құрамы командалық, 1986 жылғы 23 қыркүйектегі № В4 №245507 әскери билет, Жамбыл облысы, Қордай ауданы әскери комиссариатынан берілген, әскери антын 1984 жылы 27 шілдеде қабылдады, ҚР ҚМ бұйрықтарымен 1987 жылы 6 ақпанда аға лейтенант, 1994 жылғы 3 тамызда капитан, 2000 жылы сәуір айында запастағы офицер, майор ,2019 жылы маусым айында запастағы офицер подполковник шені берілді. Еңбек жолын Жамбыл облысы, Қордай ауданы Благовещенка ауылында бастады. 1984 жылдың 03 қыркүйегінен 1985 жылдың 1 ақпанына дейін Көкқайнар қызылша кеңшарының агроном-тұқым өсіруші маманы болып тағайындалды, 1985 жылдың 1 ақпанынан 1988 жылдың 7 шілдесіне дейін қант қызылшасы бойынша аға агрономы, 1988 жылдың 07 шілдесінен 26 желтоқсанына дейін бас инженер – гидротехнигінің міндетін атқарушы болып тағайындалды. Ауысу тәртібімен 1988 жылдың 26 желтоқсанынан 1993 жылдың 28 қаңтары аралығында Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Талапты кеңшарының бас агрономы болып қызмет атқарды. Ауысу тәртібімен 1993 жылдың 28 қаңтарынан 1998 жылдың 11 ақпанына дейін Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бүрнен кеңшарының директоры болып қызмет етті. Ауысу тәртібімен 1998 жылдың 11 ақпанынан 2004 жылдың 31 желтоқсанына дейін Жамбыл облысы Байзак ауданы әкімінің бірінші орынбасары лауазымында қызмет жасады. Ауысу тәртібімен 2004 жылдың 31 желтоқсанынан 2005 жылдың 5 наурызына дейін Жамбыл облысы Жер қатынастары басқармасының бастығы лауазымында қызмет етті. Ауысу тәртібімен 2005 жылдың 5 наурызынан 2007 жылдың 22 қаңтарына дейін Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы бастығының орынбасары. 2007 жылдың 22 қаңтарынан 2009 жылдың 18 тамызына дейін Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының бастығы лауазымдарында қызмет атқарды. 2009 жылдың 18 тамызынан 2015 жылдың 20 ақпанына дейін Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі, 2015 жылдың 20 ақпанына 2018 жылдың 25 қыркүйегіне дейін Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі, 2018 жылдың 25 қыркүйегінен 2021 жылдың 14 қантарына дейін Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі. 2021 жылдың 14 қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін VII сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты лауазымында қызмет етуде. 2001 жылы, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», 2011 жылы, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», 2012 жылы, «Құрмет» ордены, 2014 жылы, Нұр Отан партиясынан «Белсенді қызметі үшін», 2015 жылы, «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Үздік мемлекеттік қызметші», 2016 жылы, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», 2018 жылы, «Астана 20 жыл», 2019 жылы, «Еңбегі үшін», 2020 жылы, «Қазақстан Конституциясына 25 жыл», 2001 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», 2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды. Үйленген, отбасында үш баласы бар.