Депутат мердігерлік ұйым өкілдерімен кездесіп, олардың назарын құрылыс жұмыстарын уақытылы және сапалы орындау қажеттігіне аударды
Кездесуге еңбек ардагерлері, мұғалімдер, жастар, кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары келді.
Асқарбек Съезбекұлы жергілікті тұрғындар үшін бірқатар өзекті мәселелер бойынша түсініктеме берді, ал кейбір өтініштерді заң шығару қызметі процесінде қарау үшін өз бақылауына алды.
Асқарбек Съезбекұлы ауыл тұрғындарына елімізде жүргізіліп жатқан реформалар, күшіне енген өзгерістер туралы айтып берді.
Кездесу барысында Асқарбек Съезбекұлы "AMANAT"партиясының мүшелеріне жаңартылған партия билеттерін табыс етті.
