Әбдіров
Нұрлан
Мәжитұлы

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
«100 нақты қадам - Ұлт жоспарының» аясында «Жергілікті полиция қызметі: қалыптасуы және оның жұмысының алғашқы нәтижелері» атты дөңгелек үстел өткізілді (Қарағанды қ.)

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінде 2016 жылғы 16 мамырда жоспарланып отырған «Жергілікті полиция қызметінің қалыптасу барысы және қоғамдық тәртіпті қорғау мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын-алудағы оның жұмысының алғашқы нәтижелері» тақырыбында үкіметтік сағатты өткізу дайындығы шеңберінде Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің бір топ депутаттары, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңесінің мүшелері Қарағанды облысында болды. 

 Бес институцоналды реформалардың «100 нақты қадам - Ұлт жоспарының» 30 қадамын жүзеге асыру мониторингі мақсатында   Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінде үкіметтік сағатты өткізуі жоспарлануда.

Аумаққа шығу шеңберінде депуттаттар және Құқықтық кеңестің мүшелері Теміртау мен Қарағанды қалаларының жергілікті полиция қызметінің бөлімшелерінде болып, жергілікті жағдаймен танысу мақсатында жеке құраммен және тұрғындармен кездесулер өткізді.

Одан басқа, Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында «100 нақты қадам - Ұлт жоспарының» аясында «Жергілікті полиция қызметі: қалыптасуы және оның жұмысының алғашқы нәтижелері» атты дөңгелек үстел өткізілді.

         Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңесінің төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профеесор Нұрлан Әбдіровтың басшылығымен өтті.  

         Дөңгелек үстелдің жұмысына Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Қарағанды облысының әкімі, Астана, Алматы қалаларының, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарының жергілікті полиция қызметтерінің бірінші басшылары қатысты.

         Дөңгелек үстел барысында жергілікті полиция қызметінің қалыптасуы және жетілдіру мәселелері, оның жұмысының алғашқы нәтижелері талқыланды, жаңа институттың сәтті жұмыс жасау үшін қолайлы жағдайлар туғызу жолдары ұсынылды.

         Аймаққа бару және дөңгелек үстелде мәселелерді талқылау қорытындылары бойынша кейін Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінде үкіметтік сағатта талқылау үшін жергілікті полиция қызметінің жұмысын жетілдіру және жергілікті атқарушы билік органдары мен ІІМ бөлімшелерінің өзара қарым-қатынастың тиімділігін арттыру бойынша қатысушылармен ұсынымдар қабылданды.