Әбдіров
Нұрлан
Мәжитұлы

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Дөңгелек үстелдің тақырыбы: «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 27-қадамының шеңберінде жеке сот атқарушылық институты және оны дамыту» Алматы қ,

2016 ж. 31 мамырда республикалық көлемде дөңгелек үстел өткізілді. 

Басқосуда жеке сот орындаушылар институтын жетілдіру мәселесі талқыланатын болады. Оның жұмысына ҚР Парламенті депутаттары, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңес мүшелері, әділет органдарының, құқық қорғау органдарының өкілдері, Жеке сот орындаушылардың республикалық палатасының өкілдері, азаматтық қоғам өкілдері мен сарапшылар  қатысады.

Дөңгелек үстелдің тақырыбы: «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 27-қадамының шеңберінде жеке сот атқарушылық институты және оны дамыту».

Ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңес, Әділет министрлігі, Жеке сот орындаушылардың республикалық палатасы.

Отырыстың модераторы: Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңестің төрағасы  Нұрлан Әбдіров.

Көшпелі отырысқа Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің депутаттары С.Бычкова, Б.Дүйсенбинов, С.Имашева, Б.Кесебаева, М.Магеррамов, Н.Микаелян, Қ.Мусин, М.Тінікеев қатысады.

Сонымен бірге, шараға Әділет министрінің орынбасары Ж. Ешмағанбетов, ҚР Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаментінің директоры С.Сағдат, Жеке сот орындаушылардың республикалық палатасының төрағасы С.Ли қатысады.

Шара жұмысына прокуратура, сот және ішкі істер органдарының өкілдері, қаржыгерлер қауымдастығының, Алматы қалалық әділет басқармасының, Алматы мен Астана қалалары және барлық облыстардың өңірлік жеке сот орындаушылары, Алматы қаласы және Алматы облысы әділет департаменттерінің жетекшілері де қатысатыны жоспарланған.

елей Ли С.М., представители прокуратуры, суда и органов внутренних дел, Ассоциации финансистов, Департамента юстиции г.Алматы, руководители региональных палат частных судебных исполнителей городов Астана, Алматы и всех областей Республики, частные судебные исполнители г.Алматы и Алматинской области.