Әбдіров
Нұрлан
Мәжитұлы

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Төрағасы

Депутатқа хат
Қазақстан делегациясы Мысыр Парламентінің 150 жылдығына арналған салтанатты шараларға қатысуда

ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров пен Қазақстанның Мысырдағы және Мағриб елдеріндегі Елшісі Берік Арын құрамында бар қазақстандық делегация Мысырдың бірінші өкілетті органының құрылғанына 150 жыл толуына орай ағымдағы жылдың 9 қазанда Шарм аш-Шейх қаласында ұйымдастырылған салтанатты шараларға қатысты.

Салтанатты мерейтойға Еуропа, Америка, Азия және Африкадағы 45 мемлекеттің жоғары заң шығарушы органдарының делегациялары, соның ішінде 19 парламент спикерлері мен халықаралық парламенттік құрылымдардың басшылары келді. ТМД елдерінен атаулы шараға Қазақстан мен Ресей өкілдері шақырылды.

Шараның ашылуында Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси, Парламентаралық Одақтың Бас хатшысы Мартин Чунгонг, Панафрикалық парламенттің Төрағасы Роджер Нкодо Данг және Араб Парламентінің Басшысы Ахмед Аль-Джаруан құттықтау сөздерін сөйледі.

Форум аясында қазақстандық делегация МАР Өкілдер палатасының (Парламентінің) Төрағасы Али Әбдел Аалмен кездесіп, екі ел арасындағы парламентаралық байланыстарды кеңейтудің және заңнама саласындағы екіжақты ынтымақтастықты белсендірудің жолдарын талқылады.

Н.Әбдіров ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулиннің Мысыр Парламентінің 150 жылдығына орай жолдаған жеке құттықтауларын және достас мысыр халқына бейбітшілік пен өркендеу тілеген ізгі тілектерін А.Абдел Аалға жеткізді.

Өз кезегінде МАР Өкілдер палатасының Төрағасы қазақстандық делегацияның мерейтойлық шараларға қатысқаны үшін алғысын білдіріп, мысырлық тараптың екі елдің Парламенттері арасындағы байланыстарды одан әрі дамытуға мүдделі екенін атап өтті.