АБДРАХМАНОВ
Сауытбек
Абдрахманұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Терминология проблемалары талқылануда

Конференцияда қазіргі ұлттық терминологияның жай-күйі және келешегі, терминжасам қағидалары мен ұлттық терминология міндеттері, қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге байланысты туындайтын терминологиялық міндеттер, терминжасам құрылымын жетілдіру, терминді бекіту, біріздендіру және стандарттауды іске асырудың мемлекеттік тетіктерін дамыту, ұлттық терминқордың электрондық базасын жасаудың ғылыми-тәжірибелік негіздері сөз болды.

Ғылыми-теориялық конференцияға Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық мемлекеттік терминологиялық комиссия мүшелері, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкерлері, терминолог-ғалымдар, докторанттар мен магистрлер, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, ұлттық компаниялардың өкілдері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен зиялы қауым, БАҚ өкілдері қатысты.