АБДРАХМАНОВ
Сауытбек
Абдрахманұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Маңызды істер

Image title

2019 жылғы 1-7 мамыр                                                                                                          Павлодар облысы,  Павлодар қ.


Мәжіліс депутаттарының өңірлерге шығуы аясында депутат  С. Абдрахманов Павлодар облысында болып, тұрғындармен кездесулер өткізді.  

1 Мамыр күні депутат облыс әкімі Б.Бақауовпен кездесіп, Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шараларға қатысты. Павлодар қ. Достық үйінде өткен облыстық этномәдени бірлестіктерінің басшылары мен өкілдерімен кездесуде С. Абдрахманов Қазақстанның барлық этностарының мүдделерін білдіретін қоғамның ең маңызды институты ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының еліміздегі тұрақтылықты, жалпыұлттық бірлікті және этносаралық келісімді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асырудағы зор рөлін атап өтті.

Павлодар өңірінде Мәжіліс депутаты Павлодар және Успен аудандарында болып, бірқатар әлеуметтік-мәдени объектілеріне барып-қайтты. Мойылды ауылында ол медицина қызметкерлерімен, «Мойылды» санаторийі ұжымымен кездесті. Успен ауылында – білім беру саласы қызметкерлерімен, қазақ Успен орта мектебінің мұғалімдерімен жүздесті. Аудандар тұрғындары санаторий медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру мүмкіндігін қарастыруды, көп балалы отбасыларға әлеуметтік атаулы көмек көрсету мәселелерін сөзге тиек етті. Image title

Облыстың шығармашылық зиялы қауымымен, журналистерімен өткен дөңгелек үстелде қазіргі заманғы журналистикадағы шығармашылықтың өзекті мәселелері туралы сөз қозғалды. Масс-медиа өкілдері кәсіби кадрларды даярлау сапасы, журналист жұмысында кәсібилік көзқарас-тәсілдердің маңыздылығы, журналистердің замани қоғамдағы азаматтық позициясы туралы пікір айтты. 

Бұқар-Жырау атындағы әдебиет және өнер музейі қызметкерлерімен, жастар ұйымдарының өкілдерімен әңгіме кезінде тарих және мәдени ескерткіштерді сақтау, кітапхана ісі, жастардың жұмыспен қамтылуы, еліміздегі және облыс орталығындағы экология жағдайы мәселелері қозғалды.  Image title

Өткен жиындарда депутат Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжілістегі депутаттық тобының қызметі, Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында Тұңғыш Президент – Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев қойған міндеттерді орындау барысы туралы ақпарат берді. Кездесулерге Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, шығармашылық қауым өкілдері, журналистика ардагерлері, білім беру және денсаулық сақтау, мәдениет салаларының қызметкерлері, жастар қатысты. Депутат бүгінгі таңда Мәжілістің қарауында жатқан тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заң жобасымен жұмыс бойынша мәліметтер беріп, облыс жұртшылығының сұрақтарына жауап берді.