2019 жылғы 27 сәуір Түркістан облысы
Түркістан облысында Ұлы дала даналарының бірі Әйтеке би Бәйбекұлының 375 мерейтойына орай іс-шараларда ұлттың ұлы билері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билерге орнатылған ескерткіштің салтанатты ашылуы болды.
Осы іс-шаралар аясында Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев, КСРО-ның, Қазақстанның халық әртісі А.Әшімов, Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Мәжіліс депутаты Б.Ізмұхамбетов, Мәжіліс депутаты С.Абдрахманов, белгілі меценат, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Б.Тұрғараев «Жастар» саябағында ағаш отырғызды. Жұртшылық «Бабалар рухына тағзым» алаңында қонақтардың құттықтауы мен баяндамаларын тамашалады. «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Медиация заңының аясында ардагерлердің үлесі және қоғамдық медиаторлардың іс жүргізу тәртібі» тақырыбындағы семинар өткізіліп, оған қатысушылар тақырып төңірегінде өз тәжірибесімен, ой-пікірлерімен бөлісті.