АБДРАХМАНОВ
Сауытбек
Абдрахманұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Маңызды мәселелер

Маңызды мәселелер

2019 жылғы 25 қазан                                                Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжілістегі депутаттық тобы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ұйымдастырған «Қазақстанның ұлттық бірлігі мен этникалық әралуандылығына қазіргі сын-қатерлер» атты дөңгелек үстелдің жұмысына қатысты.

Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары В.К.Божко, ҚХА Мәжілістегі депутаттық тобының жетекшісі С. Абдрахманов, Академия ректоры Е.Қ.Әбіл жиынға қатысушыларға  құттықтау сөзін арнады.

         Дөңгелек үстел аясында әралуандылықта бірлікті қалай сақтауға болады  деген проблема талқыланды. Сөз сөйлеушілер бүгінгі күннің сын-тегеуріндері, оның себептері, жаһандық өзгерістер мен әлемдегі процестер заманында қоғамда келісімді қамтамасыз ету үшін елдер мен халықтар қандай іс-қимылдар жасау керектігі жайында әңгіме қозғап, пікір алмасты.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты биылғы жылдың 2 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік және этникалық топтар арасындағы келісім бүкіл қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесі екенін ерекше атап өтті. Осыған орай, саяси үрдістерді саралап, бірлігімізді нығайта түсу үшін нақты шаралар қабылдау керек екендігін айтқаны белгілі.

Сол тұрғыда қоғамның дамуы мен соған қатысты өзгерістер ескеріле отырып, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті нығайту, еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамыту бойынша жұмыс әрі қарай жалғаса береді.  

        Жиынға қатысушылар әлемдегі үнемі орын алып жатқан сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлер жағдайында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары Ассамблеямен қоян-қолтық әрекет етіп, еліміздегі этносаралық қарым-қатынастар дамуындағы жағдайға әрі қарай үнемі мониторинг жасау тиіс екенін атап өтті.  Сондай-ақ қоғамдағы этносаралық бірлік пен келісім барлық қазақстандықтардан күнделікті еңбегі мен күш-жігерін жұмыла жұмсауды, бұл ретте еліміздің заңнамасын сақтауды талап ететіні есте болуы керек.