АБДРАХМАНОВ
Сауытбек
Абдрахманұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстанның журналистеріне арналған бірегей сөздіктің тұсаукесері

2021 жылғы 6 қыркүйек                                                         Нұр-Сұлтан қаласы


Депутат С. Абдрахманов «Қазмедиа орталығында» өткен «СӨЗТҮЗЕР. Қате қолданыстар сөздігі» тұсаукесеріне қатысты.

Image title


Сөздік Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында ұсынылған және Қазақстан халқының Тілдері күніне орайластырылған. Шара Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Медиа Дамыту қоры» Корпоративтік қорымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Image title


Депутат С.Абдрахманов өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде тіл тазалығын сақтау ісінде бұқаралық ақпарат құралдарының ерекше рөлін және медиа саласы қызметкерлерінің сөз өнерін жетік меңгеруі аса маңыздылығын атап өткеніне назар аударды. С.Абдрахманов бұл сөздіктің өзектілігі мен ерекшелігі, практикалық құндылығы мен қажеттілігі жайында баяндап берді.

Сөздік бірінші кезекте қазақ тіліндегі БАҚ редакторларына, сондай-ақ қазақ тілінде сауатты жазуға тырысатын қалың бұқараға тұрақты пайдалану үшін ұсынылады.  Оның басылымы БАҚ-та мемлекеттік тілді нығайтуға жаңа серпін береді және қалың жұртшылықтың, әсіресе жас ұрпақтың қазақ тілінде дұрыс сөйлеу және жазу қабілетіне оң әсер етеді.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпараты бойынша, «СӨЗТҮЗЕР. Қате қолданыстар сөздігі» отандық БАҚ материалдарының мониторингі негізінде білікті лингвистердің, тәжірибелі журналистер мен кәсіби редакторлардың қатысуымен әзірленді. Жоба авторлары еліміздің ақпараттық кеңістігінде мемлекеттік тілде жиі кездесетін қателіктерді анықтады, жіктеді және талдады. Нәтижесінде қазақ тіліндегі сөздерді дұрыс пайдаланбаудың нақты мысалдарын, сондай-ақ жалпы орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық қателерді қамтитын сөздік жасалды. Онда сөздер мен сөйлемдердің дұрыс нұсқасын қолдану бойынша ұсыныстар берілген. Айта кету керек, бұл осы бағыттағы алғашқы ауқымды жоба, оның басты мақсаты – БАҚ-та мемлекеттік тілді нығайту және дамыту. 

Отандық БАҚ-тарға арналған қазақ тіліндегі сөздікті жасау идеясының авторы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев болды. Жоба жетекшісі – ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы.

Іс-шарада ҚР Парламентінің депутаттары, іскерлік, қоғамдық, ғылыми және мәдени топтардың өкілдері, журналистер, сондай-ақ еліміздің мемлекеттік БАҚ басшылары болып, осы игі істі қолдайтынын айтты.

Іс – шараның демеушісі – «Қазақстан» РТРК.