АБДРАХМАНОВ
Сауытбек
Абдрахманұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
МӘЖІЛІСТЕГІ ҚХА ДЕПУТАТТЫҚ ТОБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ


    «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында  Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің мемлекеттік тапсырмасымен 2016 жылдың 5 қыркүйегінде «Тіл әлемі» порталы, «Emle.kz» сайты, «Termincom.kz» және «Atau.kz» сайттары іске қосылған болатын.  Осы сайттардың бүгінгі қызметі, техникалық жетілдіру жайы, қоғамға  тигізіп жатқан пайдасы, әлеуметтің пікірі жөнінде білу, жұмыс жоспарымен танысу мақсатында 2017 жылғы 20 сәуірде ҚР Парламенті Мәжілісінде Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының отырысы өткізілді. Отырыстың кіріспе сөзінде депутаттық топ жетекшісі, Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов Елбасы белгілеп берген рухани жаңғыру бағдарламасында тілдерді дамытудың маңызы ерекше  екендігіне тоқталды.

    Депутаттық топтың отырысында аталған жобаларды әзірлеген Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Е. Тілешов баяндама жасады. Баяндамада аталған интернет-ресурстардың бүгінгі жайы, жұмыс барысы, даму қарқыны, техникалық жетілдірілуі және орталықтың алдағы жұмыс жоспары жайында әңгімеленді.

    Парламент Мәжілісінің депутаттары А. Жайылғанова, Ф. Қаратаев, Ш. Нурумов, Б. Мамраев,  Қ. Ержан, Е. Никитинская, А. Мурадов  сөз сөйледі, олар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында латын әліпбиіне өтуді 2025 жылдан бастауды тапсыруына байланысты туындайтын міндеттерге тоқталды. Е. Тілешов Мәжіліс депутаттарының осы және басқа мәселелер бойынша қойған көптеген сұрақтарына жауап қайтарды.

    Депутаттық топ отырысын Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары В.К. Божко қорытындылады.