АБДРАХМАНОВ
Сауытбек
Абдрахманұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мәдениет мәселелері

2019 жылғы 6 қараша                                                         Нұр-Сұлтан қаласы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Мәжілістің жалпы отырысында екінші оқылымда мақұлданды.

Ол «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» заң жобасына ілеспе заң жобасы болып табылады.

Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі, депутат С.Абдрахманов өзінің баяндамасында заң жобасы арқылы 12 заңнамалық актіге, соның ішінде:

- 5 Кодекске, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының Жер, Қылмыстық, Кәсіпкерлік кодекстеріне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекске және

- 7 заңға, атап айтқанда: «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және  құрылыс қызметі туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілетінін атап өтті.

Сонымен қатар заң жобасының тақырыбын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» деп өзгерту бойынша түзету енгізілді. Өйткені, енгізілген толықтыру біреу ғана болып шықты.

Заң жобасымен жұмыс барысында заң жобасының таныстырылымы, Түркістан облысында Комитет пен жұмыс тобының көшпелі отырысы, жұмыс тобының 26 отырысы, Комитеттің кеңейтілген отырыстары ұйымдастырылып, өткізілді.

Заң жобасын талқылауға  мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі ұйымдар, оның ішінде «Ұлытау» Ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі, Ә. Марғұлан атындағы Археология институты, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «Киелі Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы басшылары, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазреставрация» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны ғылыми-зерттеу және жобалау филиалының жобалау тобы, «Есік»  Мемлекеттік тарихи-мәдени
қорық-музейі басшысы, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП, қоғам өкілдері, сарапшылар  қатысты.