АБДРАХМАНОВ
Сауытбек
Абдрахманұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Басты тақырып – түркітілді мемлекеттер тәуелсіздігінің 30 жылдығы

2021 жылғы 9 маусым                                                                                                                                           Нұр-Сұлтан қ.

Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов «Түркі әлемінің өткені, қазіргісі және болашағы» деген тақырыпта онлайн форматта Баку қаласында өткен симпозиумға қатысып, сөз сөйледі

Түркияның Ұлы Ұлттық Жиынының 100 жылдығына, түркітілді мемлекеттер тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған симпозиум осы жолы Баку қаласында өтті. Бейнеконференц-байланыс арқылы өткен форумға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия парламенттерінің депутаттары, бірқатар елдердің – Әзербайжандағы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Венгрия өкілдіктерінің елшілері, сондай-ақ алдыңғы қатардағы университет ректорлары, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Отырыс барысында сөз сөйлеген Сауытбек Абдрахманов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев парламенттер миссиясының маңыздылығына, Парламенттің еліміз үшін, халқымыз үшін атқаратын міндеті мен шешімдеріне басты назар аударғанын, біздің барлық жұмысымыздың түпкі мақсаты – халықтарымыздың әл-ауқатын жақсарту, деп атап өткенін айтты.

Бүгінгі таңда әлемнің саяси картасында 6 тәуелсіз түркі тілдес мемлекет және басқа мемлекеттердің ішінде әртүрлі саяси, экономикалық және мәдени мәртебеге ие ондаған түркі қауымдастығы бар. Біздің тәуелсіз мемлекеттеріміздің соңғы 30 жылда осыншама табыстарға, тұрақтылық пен гүлденуге қол жеткізгені құптарлық жағдай. Тәуелсіздікпен бірге бауырлас өзара қолдау арқасында түркі мемлекеттері арасындағы байланыстар арқылы елдеріміздің еңселері көтеріліп, жақсы бастауларымызға жол ашылды.

Парламенттің мемлекеттілікті жетілдірудегі рөлі зор екені сөзсіз. Елімізде 1991 жылы тәуелсіздік алғанға дейін 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің «Егемендік декларациясы» жарияланған еді. Бұл үдеріс тек бұрынғы Кеңес Одағы республикаларында ғана емес, Түркияда да осылай жүзеге асқан. 1923 жылы Түркия Республикасы жарияланбастан бұрын 1920 жылы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі құрылған болатын. Түркия Парламенті заң шығарушы демократиялық институт қалыптастыру жолында барлық даму кезеңдерін басынан өткерді.

Симпозиумға қатысушылар жас тәуелсіз мемлекеттер де осындай демократия мен табандылық  жолын таңдап, парламентаралық өзара байланыстарды орнатқаннан бері ынтымақтастықты барынша дамытуға ұмтылып келеді, деді. Қарқынды дамып келе жатқан парламентаралық байланыстар экономикалық және мәдени қатынастарды нығайтуда, аймақаралық байланыстарды кеңейтуде ісі маңызды. Қазіргі заманауи сын-қатерлер жағдайында интеграциялық процестерді дамытуға заңнамалық қолдау көрсету аясында парламентарийлердің рөлі артып келеді. Осыған байланысты шешім шығаруды жетілдіріп,  ұжымдық шаралар қабылдап, түркі интеграциясын тереңдету қажет, деген пікір айтты.