АВЕРШИН
Константин
Викторович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, «СҚ-Фармация» ЖШС және «Қазақстан халқына» Қоры арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумды іске асыру мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткіздім

     «ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, «СҚ-Фармация» ЖШС және «Қазақстан халқына» Қоры арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумды іске асыру мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің отырысын өткіздім, оның жұмысына Мәжіліс депутаттары, бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

    Отырыста «Өмірге сен» қоғамдық қорының директоры Сәбила Шүгелова, «Кең жүрек» қоғамдық қорының мүшесі Елена Шигаева, Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, «Қазақстан халқына» Қоры қамқоршылық кеңесінің мүшесі Саида Таукелева, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан халқына» Қоры қамқоршылық кеңесінің мүшесі Елена Смирнова сөз сөйледі.

    Меморандумды іске асыру бойынша ағымдағы жағдай туралы депутаттар алдында Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник баяндама жасады, ол қатысушыларға «Жұлын бұлшықетінің атрофиясы» диагнозымен сырқаттану жай-күйі және науқастарды дәрілік препараттармен қамтамасыз ету туралы ақпарат берді.

    «СҚ-Фармация» Басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев өз сөзінде Меморандум шеңберінде «СҚ-Фармация» ЖШС өнім берушілерді іздестіруде жәрдем көрсететінін, дәрі-дәрмектерді өтеусіз негізде қабылдауды, сақтау мен тасымалдауды жүзеге асыратынын атап өтті.

    Пікірталас барысында депутаттар проблемалар қатарында тараптар арасындағы өзара іс-қимылдың нақты тетіктерінің жоқтығын атап өтті, осыған байланысты бірқатар сындарлы шаралар ұсынылды, оның ішінде Қор қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігі әрбір азамат үшін.