Дементьева
Наталья
Григорьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Ынтымақтастық аясында

2023 жылғы 7 қыркүйек                                                                               Астана қаласы

    

    Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасы қаралып, талқыланды.

    Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің қаулысымен жұмыс тобы құрылып, бекітілді. Оның құрамында Парламент Мәжілісінің тұрақты комитеттерінің мүше депутаттары бар.

Image title


    Жұмыс тобының жетекшісі, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Дементьева Н.Г. заң жобасының маңыздылығын, қазіргі таңда екі мемлекет арасындағы халықаралық ынтымақтастықта қажеттігін атап өтті.

Image title


    Заң жобасының мақсаттары мен міндеттері туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметі бастығының міндетін атқарушысыРайханов Р.Ж баяндама жасады. Ол депутаттардың сұрақтарына жауап берді. Шартты ратификациялау Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасының құзыретті органдары арасында адамды ұстап беру мәселелері бойынша қарым-қатынасты реттеуге мүмкіндік беретіні айтылды.     

    Сондай-ақ жұмыс тобының отырысына мүдделі мемлекеттік органдардың – ҚР Бас прокуратурасының, ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қатысты.

    Парламент Мәжілісінің барлық тұрақты комитеттері берген қорытындыларын ескере отырып, заң жобасын Мәжілісітің жалпы отырысында талқылау үшін жіберу ұсынылды.