ИМАШЕВА
Снежанна
Валерьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы

Депутатқа хат
«Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі Фракция жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысы

    2017 жылдың 10 қарашасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 4 қыркүйектегі үшінші сессияның ашылуында берілген тапсырмасына сәйкес «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін жетілдіру» тақырыбында «Нұр Отан» партиясы Фракциясының жанындағы Экономикалық саясат кеңесінің кезекті отырысы өтті.

    Депутаттар – Кеңес мүшелерінің алдында Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Р.Е. Далян сөз сөйледі.
Ол республикамызда мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытудың жай-күйі мен перспективалары, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік институтын одан әрі дамытуға бағытталған нормаларды қамтитын, бюджеттік заңнаманы жетілдіру жөніндегі заң жобасымен жұмыс істеу туралы сөз қозғады.

    Сонымен қатар, кездесу барысында «Kazakhstan Project Preparation Fund» (жобаны дайындау қоры) ЖШС Басқарма төрағасы А.Н. Өтембаев мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын іске асыру бойынша Қордың жұмысы туралы баяндады.

    Кездесу барысында депутаттар - Кеңес мүшелерімен Қазақстандағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін қолданудың проблемалық мәселелері мен перспективалары қарастырылып талқыланды.

    Сонымен қатар, парламентшілер өңірлерде консультативтік-әдістемелік жұмыстың жоқтығын атап өтті. Сонымен бірге, жеке серіктестікті анықтау рәсімдерінің тәртібі мен мерзімдерін оңтайландыру қажеттілігі атап өтілді.

    Отырыс нәтижесі бойынша тиісті мемлекеттік органдарға ұсынымдар берілді