ИМАШЕВА
Снежанна
Валерьевна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы

Депутатқа хат
"Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды

Заң жобасы 2016 жылғы 24 тамызда Белградта жасалған Шартты ратификациялауға арналған.

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1) тармағына сәйкес Шарт ратификациялануға тиіс.

Заң жобасының негізгі мақсаты қылмыстық қудалауды жүзеге асыру немесе ұстап беруге әкеп соғатын қылмыстар үшін заңды күшіне енген соттың үкімін орындау мақсатында уағдаласушы мемлекеттердің өзінің аумағындағы кез келген адамды беру саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады.