Қаменов
Файзолла
Қаменұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Президент әкімдерді өңірлердегі бассыздыққа жауап беруге шақыруы керек!

ҚХП атынан Мәжіліске сайланған депутаттар «Қызыл Автобус» жобасының кезекті сапарын қорытындылады.

Мәжілісмендер Алматы, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарының ауылдарын аралап, халықпен тікелей тілдесті. Жергілікті тұрғындардың шағымдары мен ұсыныстарын тыңдады. Осылайша өңірлерде ауыз су тапшылығы, жайылым жердің жоқтығы, интернеттің дұрыс жұмыс істемеуі, қоқыс полигондарының қаптап кетуі сынды мәселердің өзектілігіне көз жеткізді.

– Әлеуметтік желіде жүрген бейнероликтағыдай интернетпен жұмыс істеу үшін ағашқа өрмелеп шыққың келеді. Ауыз су мәселесі бұдан да сорақы.

Бір жерде ол мүлдем жоқ, бір жерде тат басқан құбырдан ағып жатыр. Тұрғындар ауыз суды тас құдықтардан, күмәнді табиғи бұлақтардан, ұңғымалардан, арықтардан ішуге мәжбүр болып отыр. Ал мемлекет ауыз судың қолжетімділігін арттыруға арналған мемлекеттік бағдарламаларға миллиардтаған қаржы жұмсады, – деді депутаттар.

Көптеген ауылдардың су құбырлары мен тораптары әбден тозған. Себебі

жылдар бойы жөнделмеген.

– Адамдардың не ішіп жүргенін көрсету үшін біз су сынамасын алып келдік. Өздеріңіз көріп тұрғандай, су лас. Бұл сумен қол жууға да болмайды, – деді Мәжіліс депутаттары.

Сапасын тексеру үшін су санитарлық-химиялық талдау мен микробиологиялық зерттеуден өткізіледі.

Өңірлердегі сумен жабдықтау мәселесінің өзектілігін ескере отырып, Қазақстан Халық партиясы Мемлекет басшысы, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу әзірлемекші.

Президентке жолданатын құжатты әзірлеуге партияның барлық облыстық филиалдары жұмылдырылатынын жариялады. Сондай-ақ ол  азаматтарды партияның call-орталығына хабарласуға және аймақтардағы су мәселесі бойынша 8-700-088-19-17 нөміріне хабарласуға немесе парақшаларында  #СУҚАЙДА #SUQAIDA хэштегімен пост жариялауға шақырды

Айта кетейік, 2001-2030 жылдарға арналған «Ауыз су» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылдарды сумен жабдықтауға 51,64 млрд теңге бөлінді. Кейін бағдарлама тиімсіз деп танылды. Соңғы 20 жылда «Ауыз су», «Ақ бұлақ», өңірлерді дамыту бағдарламаларына қомақты қаржы қарастырылды.