Қарақұсова
Гүлжан
Жанпейісқызы

Қаржы және бюджет комитетінің Төрайымы

Депутатқа хат
Өмірбаяны

1950 жылы Алматы қаласында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің саяси экономика факультетін (1972) бітірген. Экономика ғылымдарының докторы. Профессор.

1972 – 1994 жылдары – Қазақ мемлекеттік университеті саяси экономика кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, доценті.

1994 – 1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Экономикалық консультанттар кеңесінің жетекшісі.

1995 – 1996 жылдары – Бағалы қағаздар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясының төрайымы.

1997 жылы – Экономика және құқық университетінің кафедра меңгерушісі, провессор.

1997 – 2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Экономика, қаржы және бюджет комитетінің төрайымы.

2001 – 2007 жылдары – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

2007 – 2011 жылдары – "Нұр Отан" Халықтық-Демократиялық партиясының тізімі бойынша сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төртінші шақырылымының депутаты. Қаржы және бюджет комитетінің Төрайымы.

2012 жылғы 20 қаңтардан –"Нұр Отан" Халықтық-Демократиялық партиясының тізімі бойынша сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бесінші шақырылымының депутаты. Қаржы және бюджет комитетінің Төрайымы.

2016 жылғы наурыздан бастап - "Нұр Отан" партиясының тізімі бойынша сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алтыншы шақырылымының депутаты.Қаржы және бюджет комитетінің Төрайымы.


«Парасат», «Достастық», II дәрежелі «Барыс» ордендерімен және «Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.

Ағылшын тілін меңгерген.

Екі ұлы, қызы және сегіз немересі бар.