Ресей Федерациясы Алтай өлкесі Углов ауданының Наумовка ауылында 1960 жылы туған.
Семей құрылыс техникумын, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін бітірген.
1977 ж. - Алтай өлкесі Углов ауданының Калинин кеңшары орталық бөлімшесінің жұмысшысы. 1977-1978 жж. - Семей құрылыс техникумының шәкірті. 1978-1980 жж. – Совет Армиясы қатарында борышын өтеді.
1980-1981 жж. - Семей құрылыс техникумының шәкірті. 1995-2003жж. – Семей ет және сүт өнімдері технологиялық институтының оқушысы. 1982 ж. - Фрунзе қ. № 6 құрылыс басқармасының Ужгород - Уфа газ құбырының 4-разрядты оқшаулағышы. 1982-1984 жж. – Мәскеу қ. «Промстрой» трестінің 4-разрядты слесарь-сантехнигі. 1984-1991 жж. - «Казпромтехмонтаж» трестінің Семей монтаждау басқармасының № 2 желілік учаскесінің мастері, прорабы. 1991-1998 жж. - Семей қ. «Зергер» АҚ директорының орынбасары, өндіріс жөніндегі вице-Президенті, вице-Президенті.
1998-1999 жж. - Семей ет-консерві комбинатының вице-президенті.
1999-2004 жж. - ІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» саяси партиясынан Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.
2004-2007 жж. - ІІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» саяси партиясынан Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.
2007-2011 жж. - IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» саяси партиясынан Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі.
2012 ж. бастап - V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» саяси партиясынан Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы.
2021 жылғы қаңтардан бастап - VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «ҚХП» саяси партиясынан Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы.
«Құрмет» орденімен марапатталған (2005 ж.).
2002 жылы Шығыс Қазақстан облысы Бородулихин аудандық мәслихатының шешімімен «Бородулихин ауданының құрметті азаматы» атағы берілген.
2008 жылы Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының шешімімен «Бесқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілген.
1995 – 1999 жж. – Семей, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты.
1995 жылдан бастап - Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.
2021 жылдан бастап «Қазақстан халық партиясы» Фракциясының депутаты.
Үйленген, екі қызы және немерелері бар.