Мусабаев
Самат
Базарбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мәжіліс депутаттары С. Мусабаев пен Е. Жаңбыршин "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасына енген Ақтау қаласындағы құрылыс нысандарымен танысты

             Бүгін таңертеңнен бастап әріптесім Еділ Жаңбыршин екеуіміз Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасына енген құрылыс нысандармен таныстық.

            32а шағынаудандағы 29 мектеп ғимаратына бала сыймаған соң қосымша ғимарат салынып жатыр. Мердігердің жұмысына көңіл толмады. Қаражаттан таршылық көріп тұрған нысан емес, алайда, жұмыс тым өнімсіз. Биылғы оқу жылына үлгермейді, жобаның толық аяқталу мерзімі желтоқсанға жоспарланған.

            34 шағынаудандағы 19 мектеп ғимараты толық аяқталып, оқушылар қабылдауға сақадай-сай тұр. Мердігер өз жұмысын шын жанашырлықпен атқарғаны көзге түседі. Жаңа мектептің кез-келген бұрышы, кез-келген детальі мұқият ойластырып істелген. Риза болыстық.

            Шығыс 1 ауданындағы мектеп те бітуге таяу. Мердігердің жұмысын құрылыс сапасы мен уақыт пропорциясын ескеріп атқарғаны көрініп тұр, көңілім толды. Жаңа мектеп жарқырап оқушыларды күтіп тұр.

            Негізі Ақтау қаласында мектеп жетіспеушілігі әлі шешілмеген түйін. Үш ауысыммен оқитын мектептер әлі бар. Тек қала халқы ғана емес, облыс халқы да үздіксіз өсіп жатыр. Былтыр бірінші сыныпқа облыста 19 000 бала қабылданса, 6 000 оқушы мектеп бітірген. Ара салмағы тым үлкен боп тұр.

            ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі С. Мусабаев

           http://http%3A/%20%20%20%20%20%20%20%20%20%20%20%20http%3A//https%3A//m.facebook.com/story.php?story_fbid=1754368264953764&id=100011418235167