Мусабаев
Самат
Базарбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
. "NurOtan" партиясы Ақтау қалалық филиалының баспасөз қызметі

http://http%3A/https%3A//m.facebook.com/story.php?&

             Бүгін Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсі депутаттары Самат Мусабаев пен Еділ Жаңбыршин өңірімізге сапарының бірқатар білім ошақтарын аралады. Халық қалаулылары бастаған топпен бірге «Nur Otan Mangystau” Маңғыстау облыстық филиалының төрағасының орынбасары З. Есбергенова, “Nur Otan Aktau” партиясы Ақтау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Шамшадинова, Ақтау қаласының әкімдігінің орынбасары Malik Abdykadirov, Ақтау Партиялық Бақылау Комиссиясының төрайымы А.Балқашбайқызы, Маңғыстау облысының білім басқармасы басшысының балалар құқықтарын қорғау және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Тұржанова, Ақтау Қалалық Білім Бөлімінің басшысы Бағдат Сырымқызы және партия қызметкерлері қатысып, құрылыс нысандарындағы жұмыстарды көрді.

Аталмыш нысандар «Nur Otan» партиясының Ақтау қаласы бойынша бекітілген сайлауалды бағдарламаның жол картасын жүзеге асыру бойынша, қаламызда бой көтеріп жатыр.

          Орналасқан мекен-жайы 32 "Шығыс-1 " шағын ауданы, 32 "А" шағын аудандарынан N19 мектеп гимназиясы, N25 мектептері. Сонымен қатар, комиссия мүшелері осы нысандарды қарап, өз тараптарынан қауіпсіздікті сақтай отырып, жауапкершілік пен бақылауды жіті назарда ұстап отыру керектігін айта кетті.

Ақтауда соңғы жылдары тұрғын үй үлескерлерінің мәселесі өзекті болып отырғанын айтты. Құрылыс индустриясы дамыған сайын, үлескерлер мәселесі де ушығып барады. Осы орайда, тұрғын үй қатынастары заңына өзгерістер енгізіп, құрылыс компанияларына талапты күшейту қажет. Үлескерлердің алданбаулары үшін келісім-шарт тармақтарын қайта қарап, талапты қатаңдату керек.

Партиялық бақылау ай сайын құрылыс жұмыстарына тікелей мониторинг жүргізіп, құрылыс жұмыстарының сапасын өз назарларында ұстайтын болады.. "NurOtan" партиясы Ақтау қалалық филиалының баспасөз қызметі