Назаров
Ардақ
Құттықожаұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өмірбаяны

1980 жылы 14 қазанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қақпақ ауылында дүниеге келген.

Білімі-жоғары:

2011 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, Қазақ қатынас жолдары унирвеситетін «Экономика» мамандығы бойынша, 2014 жылы Қазақ спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша аяқтады.

Спорттағы жетістіктері:

- Джиу-джитсудан Қазақстан чемпионы (1999, Алматы).

- Аралас жекпе-жектен үш мәрте әлем чемпионы және әлем кубогының иегері.

- Еуразияның екі мәрте чемпионы (2001, Астана, 2002,Қарағанды). Азия чемпионы (2003, Бішкек,Қырғызстан).

- Еуропа-Азия турнирінің жеңімпазы (2005, Екатеринбург, Ресей). Еуропа чемпионы (2007, Таллин, Эстония).

- Ережесіз жекпе-жектен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.

Үйленген, төрт баласы бар.