Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Салтанатты жиналыс

    Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті. Мәжіліс Спикері Н. З.Нығматуллин жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде елдің одан әрі дамуы мен өркендеуіне жұмыс істейтін реформаларды сапалы заңнамалық сүйемелдеудегі Парламенттің маңызды рөлін атап өтті. Үлкен мереке қарсаңында депутаттар Отанымыздың жоғары наградаларымен марапатталды. Өйткені, әр депутаттың артында оның көпжылдық еңбек өмірбаяны тұр. Депутаттардың әрқайсысы тәуелсіздіктің қалыптасуына, республиканың дамуына өз үлесін қосты, кәсіпорындар мен зауыттарда жұмыс істеп, мектептер мен университеттерде сабақ берді, аурухана стационарларында немесе мемлекеттік қызметте жұмыс істеді. Әрбір қазақстандық сияқты, оларда Елбасымен бірге тәуелсіз Қазақстанның имиджін құрды. Бүгін депутаттар ел Парламентінде өз халқымыздың игілігі үшін жұмыс істеуді жалғастыруда. Депутаттармен бірге Мәжіліс аппаратының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етілді. Депутат Г.Нұрымова әлеуметтік  жүйелерінде барлық әріптестерін марапаттармен шын жүректен құттықтады.