Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Форумға қатысу

    11-12 наурызда депутат Г.Нұрымова Алматыда көптеген ғалымдар, медицина қызметкерлері, дәрігерлер, сарапшылар, құзыретті мемлекеттік орган өкілдерінің басын қосқан «Денсаулық баршаға арналған – қазақстандық денсаулық сақтау эволюциясы» атты бірінші тәуелсіз съезд жұмысына қатысуда.  Съездің ұйымдастырушылары – «Денсаулық баршаға» Азаматтық бастамасы және «Медициналық қызмет сапасы үшін қазақстандық медициналық компаниялар қауымдастығы» ЗТБ болып табылады. Іс-шараның мақсаты - Қазақстан Республикасының қоғамдық денсаулық сақтау жүйесіне қажетті өзгерістерді енгізу бойынша практикалық ұсынымдарды талқылау және әзірлеу. Съездің күн тәртібінде медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы, жаңа технологияларды енгізу және әрине, аурулардың алдын алу мәселелері басты орын алады. Бұл кездесу тәжірибе алмасудың қосымша мүмкіндігі болып табылады, ол медициналық тәжірибеде өте қажет. Іс - шара аясында тақырыптар бойынша панельдік пікірталастар және медициналық қоғамдастықтың үкіметке деген сұраныстарын қалыптастыру жоспарланған. Жеке көшпелі пікірталас саланы сапалы кадрлармен қамтамасыз ету мәселелеріне арналады және С. Д. Асфендияров атындағы  ҚазҰМУ аумағында өтеді.