Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Көрме

    23 сәуірде депутат Г.Нұрымова  ҚР Ұлттық музейінде суретші Б.Бүрдесбековтың 60 жылдық мерейтойына арналған «Түстер поэзиясы» атты жеке көрмесінің ашылуында болды. Көрмеде әр түрлі жанрда жұмыс істейтін суретшінің түрлі кезеңдерінен - пейзаждардан,портреттерден және натюрморттардан,тарихи және тұрмыстық сипаттағы көптеген картиналарды көрдік. Әрине, суретшінің жұмысында әйелдерге ерекше орын берілген. Суретшінің шығармаларында түстің күші мен сиқыры сезіледі, автор түстердің қанықтығы арқылы бізге өзінің эмоцияларын, суретте бейнеленген әйел бейнелерінің сұлулығы мен рухани әлеміне деген көзқарасын жеткізеді. Көрмеден үлкен эстетикалық ләззат алуға болады. Б.Бүрдесбеков - ҚР Суретшілер және дизайнерлер Одағының мүшесі, көптеген халықаралық көрмелердің лауреаты, Арт-экспо 2011 байқауының алтын медалінің иегері.