Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Кеңес өтті.

    13 маусымда Мәжілісте Қазақстан-қырғыз шекарасындағы мәселелер бойынша депутаттардың кезекті кеңесі өтті. Кеңес жұмысына депутаттар Г.А. Нұрымова, А. Линник, І.Буларов, ал шекара қызметі тарапынан - шекара қызметі басшылығының өкілдері Г.Агадилов пен М.Муллашев қатысты. Бүгінгі күні міндетті түрде ПТР-тестілеу шекарада тоқтатылды, бірақ қарапайым азаматтар, жеңіл машиналар, жүк машиналар үшін үлкен қиыншылықтар пайда болды. Себебі, Қазақстандағы бензин құны Қырғыз Республикасына қарағанда екі есе арзан, ал епті азаматтар күніне бірнеше рет бензиннің бактары мен канистрлерін толтырып шекарадан өтеді. Кейбіреулердің кәсіпкерлігінің нәтижесінде бірнеше сағат бойы кезекте тұрған қарапайым азаматтар зардап шегеді. Шекара және кеден қызметтеріне жүктеме артты. Қазір 34 терезе қанша жұмыс істейді деген сұраққа Шекара қызметінің өкілдері 22- жұмыс жасауда деп жауап берді.

    Жақында туристік маусым басталады, адамдар ағыны айтарлықтай артады. Бұл жағдайдан шығудың жолы қандай? Бұл мәселені қалай шешуге болады? Энергетика министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің қатысуымен өтетін келесі Кеңес туралы шешім қабылданды.