Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Денсаулық сақтау мәселелері

    Бүгін депутат Ж. Д. Сүлейменованың төрағалығымен "AMANAT" партиясы жанындағы Білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Тақырып барлығымыз үшін өзекті – медициналық ұйымдарды толық қаржыландырмау мәселелері. Қатысушылардың алдында екі вице-министр, ДСМ өкілдері сөз сөйледі. Олар Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырудың ағымдағы жағдайы және "AMANAT" партиясының республикалық жол картасы іс-шараларының орындалуы туралы есеп берді. Қатысушылар ДСМ өкілдеріне біраз сұрақтар қойды. Мәжіліске өңірлерден медициналық ұйымдардың қиын қаржылық жағдайы жөнінде, үлкен кредиторлық берешектер, қызметкерлерді 1,0; 0,75; 0,5 мөлшерлемеге ауыстыру және т. б. туралы хаттар келіп түсуде. Дәрігерлер қазір өте қиын жағдайға - бұл мәселе өте ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін, сондықтан оны дереу шешу керек.