Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Халықаралық конгресс

    Депутат Г.Нұрымова “Алғашқы медициналық-санитарлық көмектегі инновациялар" тақырыбындағы Халықаралық конгресске қатысуда. Конгресті ҚР ДСМ мен “Primary Health Care"Ұлттық қауымдастығы ұйымдастырып отыр.

    Іс-шараға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі Еуропалық орталығының, республикалық ғылыми орталықтарныңың, денсаулық сақтау басқармаларының, ӘМСҚ-ның өкілдері, шетелдік сарапшылар мен медицина университеттер қатысуда.

    Конгрестің мақсаты - Медициналық және әлеуметтік қызметтерді интеграциялау, сондай-ақ денсаулық сақтаудың бастапқы буын мамандарының көпсалалы тобының қызметіндегі жаңа тәсілдер тезірек шешім қабылдауға тірек бола алатындығын көрсету және халыққа, отбасына және әрбір жеке пациентке МСАК медициналық ұйымы деңгейінде медициналық көмек көрсетуді жақсартуға ықпал ету.

    Конгресс қатысушыларына ДДҰ-ның (Алматы облысы) демонстрациялық платформасы және Жамбыл облысы бойынша “Үздік тәжірибелер орталықтарының” инновациялық озық технологияларды енгізу тәжірибесі көрсетілді.

    Бейнебайланыс арқылы ДДҰ-ның алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі Еуропалық Одақ Кеңсесінің Басшысы Мелитта Якоб, Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрі Гүлнара Баатырова сөйлеп, сондай-ақ "Ресейдің медбикелер қауымдастығы" жалпыресейлік қоғамдық ұйымының президенті Валентина Саркисова және тағы басқалар құттықтау сөз сөйледі.

    Жамбыл облысы бастапқы буын саласында озық тәжірибе мен жаңа медико-әлеуметтік технологияларды енгізу және тарату бойынша елімізде көшбасшы болып табылады.

    Ұлттық МСАК-тың ерекшелігі мен жетістігі - мамандардың қажеттіліктері негізінде адамға, отбасына және қоғамдастыққа кешенді, интеграцияланған қызметтер көрсету жөніндегі көпсалалы жұмыс болып табылады. 2022 жылдың сәуір айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық орталығы Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасының базасында әлемде алғаш рет МСАК бойынша ДДҰ-ның демонстрациялық платформасын ашты.

    Бірінші күні Конгресс қатысушылары Жамбыл облысының МСАК 3 ауылдық (Меркі, Жамбыл, Талас аудандары) және 1 қалалық (N5 қалалық емхана) үздік тәжірибелер орталықтарының (ООК) жұмысымен танысты. Конгрестің екінші күні халыққа көрсетілетін МСАК деңгейінде медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған бастапқы буын мамандарының қызметінде қолданылатын негізгі трендтер қаралатын және талқыланатын болады.

    Бүгінгі таңда денсаулық сақтауды қаржыландыру, халықты медициналық қызметтермен сапа мен жалпыға бірдей қамту, халықты өз денсаулығына қамқорлық жасау процесіне тарту, алдын - алу және медициналық сауаттылық бойынша жаңа медициналық-әлеуметтік тәсілдер ерекше маңызға ие.


https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0qCoxgRHSihXLMRZFdN3hZ11zP9iPBg89bxVKJXRHxdx3wueVfPouwuBogTkbZqKPl&id=100001176577346