Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Бюджетті талқылау

    Бүгін АMANAT партиясы фракциясының жиналысында 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет бойынша заң жобасы қаралды. Талқылау қызу өтті, көптеген сұрақтар болды. Депутат Г.Нұрымова бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласында қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып Медициналық ұйымдарды толық қаржыландырмау жөнінде сұрақ қойды. Осы жағдайға байланысты халыққа медициналық көмектің сапасы зардап шегуде, науқастарды жоспарлы емдеуге жатқызу келесі жылға ауыстырылып жатыр, медицина қызметкерлерінің ставкалары қысқарылды, медициналық ұйымдардың кредиторлық берешектері өсуде және т. б. Мемлекеттік органдың жауабы: барлық мәселерер бюджет шеңберінде қаралады. Үнемдеу керек екенін түсінікті, бірақ азаматтарымыздың денсаулығын қайтеміз?

    Сондай-ақ, кейін Қаржы министрлігінің қызметкерлерімен кездесуде Т. Рысқұлов ауданының екі ауылы - Шолақ, Қайынды мен Талас ауданының екі ауылын - Қызылаут, Ақколды газдандыруға қаражат бөлуді негіздеп, қолдау алды. Ал Қаржы министрімен кездесу барысыныда Меркі ауданындағы 500 жер учаскілеріне су құбырын жүргізуге және Жамбыл ауданындағы жер учаскелеріне электр энергиясын өткізуге қаражат бөлуге қолдау сұрады. Министр Қарастырамыз деп уәде берды. Қалған өтінімдер келесі жылдың басында қаралады.