Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
РҚК кезекті отырысы

    11 қарашада  депутат Г.А. Нұрымова  "AMANAT" партиясы жанындағы білім беру және денсаулық сақтау мәселелері бойынша РҚК Сүлейменова Ж.Д. төрайымымен кезекті отырысқа қатытысты.
Бұл жолы біз "Кәсіби біліктілік туралы" ҚР Заңының жобасын талқыладық. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі О. Т. Ордабаев баяндама жасады.
Заң жобасы білім беру жүйесі қызметкерлерінің, бизнес-қоғамдастықтың, еңбек нарығындағы барлық тараптардың өзара қарым-қатынасын реттеуге арналған. Депутат баянадамашыға сұрақ қойды: Бүгінгі күні аккредиттелген мемлекеттік емес медициналық білім беру ұйымдары қосымша білім беру нарығына қол жеткізе алмайды. Президент үнемі монополиясыздандыру, мемлекеттік функциялардың бөлігін бәсекелестік ортаға беру туралы айтады. Заң жобасы аясында бұл мәселе қаралатын боладыма?

    Сондай-ақ, жоба бойынша туристік және қонақ үй индустриясының өкілдері, салалық білім беру ұйымдары мен қант, тамақ, қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының сарапшылары өз пікірлерімен бөлісті.
Барлық сарапшылар осы саладағы заңнаманы жетілдіру қажеттілігімен келіседі. Заң жобасымен жұмыс жасау барысында бірқатар елеулі толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі деп депутат ойымен бөлісті.