Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Астанадағы еңбек ұжымдармен кездесулер

    Бүгін депутат Г.Нұрымова әріптестерімен бірге халықаралық «Bilim-innovation» қорында, Нұр Орда, Спектрум халықаралық лицей-мектептерінде және балабақшасында болды. Ұйымның жұмысымен, балаларды оқыту, тәрбиелеу әдістерімен танысты. Депутаттын айтуынша, бүгінгі көргені мен естігені үлкен әсер қалдырды...Балалардың оқуына тамаша жағдай жасалған! Қоғам ұмтылатын жайлы мектептер осындай болуы керек! Депутатқа бала тәрбиесіне көп көңіл бөлінетіні, дұрыс өмірлік құндылықтардың сіңірілетіні, бір-біріне, үлкенге, отбасына, қоғамға деген сыйлау, т.б. тәрбиесі қатты ұнады. Сондай-ақ мұнда ең жақсы шетелдік әдістер бойынша оқытады, оқулықтар басқа тілдерден аударылады, мысалы, математика және басқа пәндер бойынша оқулық сингапурлық оқыту жүйесінен алынған. Мектепте, балабақшада өте мейірімді, салауатты, еркін орта, қалыптасқан. Балалардың, ұстаздардың қуанышты жүздерін көрді. Олардың тәжірибесін еліміздің барлық мектептеріне енгізсе жақсы болар еді.