Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мұғалімдер форумы

    Бүгін  депутат Г.Нұрымова "Ұлттық Ұстаз: қазақстандық білім беру ұйымдарын трансформациялау кейстері" халықаралық форумына қатысты. Іс-шараға жоғары оқу орындары мен коллеждердің оқытушылары, мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының мұғалімдері, еліміздің барлық өңірлерінен бизнес және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Спикерлер ретінде Қазақстан мен шетелдің білім беру сарапшылары сөз сөйледі. Форумда 2022 жылы "табысты білім беру ұйымдарының үдеткіші" авторлық бағдарламасы бойынша оқудан өткен Үздік орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәжірибесі ұсынылды. Бұл бағдарлама мектепті, балабақшаны дамытудың, қосымша білім беруді ұйымдастырудың жаңа моделін қалыптастыруға арналған. Форумның негізгі тақырыптары:

-қазіргі заманғы білім беру ұйымдарының жаңа үлгілері;

-білім беру ұйымдарын цифрлық трансформациялау;

-HR саясатын әзірлеу;

- білім беру бағдарламаларын реинжинирингтеу;

- педагогтың кәсіби өсуі.

Форум өте қызықты, нәтижелі болды.