Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
МӘМС мәселелері Мәжілістегі Үкімет сағатында көтерілді

Мәжілісте Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің проблемалары мен даму перспективаларына арналған Үкіметтік сағат өтті. Ағымдағы жағдай туралы депутаттарға денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният баяндады. Үкімет сағатына дайындық аясында әлеуметтік-мәдени даму комитетінің депутаттары халыққа медициналық қызмет көрсету жүйесіндегі проблемаларды егжей-тегжейлі зерттеді. Мәжілісмендер Астана және Алматы қалаларының, Алматы, Қарағанды және Жамбыл облыстарының бірқатар медициналық ұйымдарында болып, мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдардың өкілдерімен сараптамалық кездесу өткізді, сондай-ақ азаматтардың өтініштерін талдады. Талдау көрсеткендей, АМС жүйесінде барлық аймақтарға ұқсас бірқатар проблемалар жинақталған, бұл жалпы денсаулық сақтау жүйесіндегі кемшіліктерді көрсетеді.