Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Пленарлық отырыс. Медицина саласының проблемалық мәселелері.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысы өтті. Депутаттар осы жазда еліміз б/ша сайлаушылардың ондаған мың талап-тілегін жинады.

Ең өзекті деген 1007 мәселе мемлекеттік органдардың қарауына жолданды.

Бүгінгі жалпы отырыста әріптестерім халықты толғандырып жүрген 30 нақты сұрақ қойып, Үкімет мүшелерінен тікелей 30 жауап алды.

Аттестация aлу кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол беру, балаларды тамақтандыру, жылумен қамтамасыз ету, темір жол, активтерді қайтару – бүгінгі пленарлық отырыста көтерілген мәселелер.

Мен медициналық мекемелердің мойнындағы кредиторлық қарызы туралы тақырып көтердім. Бүгіннің өзінде берешек сомма 80 млрд. теңгеге жетті. Сауалымды сала министрі Ажар Ғиниятқа жолдадым.