Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"AMANAT" партиясы алаңында республикалық қоғамдық кеңестің отырысы

Бүгін "AMANAT" партиясы алаңында республикалық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онда моноқалалар мәселелері қаралды.

Ұлттық экономика вице министрі моноқалалардың кешенді жоспары туралы баяндады. Енді бұдан былай біздің Қаратау мен Жаңатас шағын шаһарлар қатарында болмайды. Қос қала моноқалалар тізімінен алынып, аудандық маңызы бар қалалар қатарына қосылады.

"Дипломмен ауылға" бағдарламасымен аталған қос қалаға баратын жас мамандарға қолдау көрсетіледі.