Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Сайлаушылармен онлайн кездесу

    Кездесудің  тақырыбы: "Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі". Әр отбасының негізі – әйел. Сондықтан қыз тәрбиелемей тәрбиеленген ұлт бола алмайды. Біз, ересектер үшін, қай жерде қызмет жасайтынымыз манызды емес, қыздарымызға жақсы тәрбие беріп, олардың дүниетанымын қалыптастыруға ерекше назар аударуымыз қажет. Депутат жоғары сынып оқушыларымен әңгімелескенімде  әр қыздың болашақ ана, үйдің берекесі, ошақ анасы екендігіне тоқталды. Қоғамдағы әйелдің орны  және қазақ халқының салт-дәстүрлеріне негізделген тәрбиенің қаншалықты маңызды екенін біздің қыздарымыз түсінуі керектігіне назар аударды.

    Сондай-ақ, кездесу барысында кездесуге қатысушыларды "Nur Otan" партиясының Жол Картасының мектепте оқыту мәселелеріне қатысты тармақтарымен таныстырды. Біздің міндетіміз - еліміздің білімді, лайықты ұрпағын өсіру. Сондықтан "Nur Otan" партиясы білім беру мәселелеріне, оның ішінде жаңа пәндерді енгізу, Интернеттің қол жетімділігі, дарынды балаларды қолдау және жалпы орта білім беру мәселелеріне көп көңіл бөледі. Мысалы: «Дарынды балаларды, оның ішінде ауылдық жерлердегі анықтау және елдің мамандандырылған мектептерінде оқыту үшін мүмкіндік бере отырып қолдау» 38-тармағы, «Барлық облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және ірі аудан орталықтарында спорт секцияларын ашу және «балалар үйірмелерін» жаңғырту» 39-тармағы, «Оқулықтардың сапасын  арттыру бойынша шаралар қабылдау» 44-тармағы және т. б.