Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

24 сәуірде депутат Г.А. Нұрымова Тараз қаласының жас сайлаушыларымен - қала мектептерінің түлектерімен онлайн кездесу өткізді. Кездесу "Жомарт түлек" жобасының форумы аясында өтті. Депутат өзінің еңбек және қоғамдық қызметі, туған қаласына көрсетілетіп жатқан көмегі туралы, және ҚР Парламенті Мәжілісіндегі жұмысы туралы айтып берді. Жастрадың сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында депутат "Nur Otan" партиясының елдегі орта және жоғары білім беру мәселелерін шешуді, жастарды арнаулы орта және жоғары оқу орындарында оқыту жағдайларын жақсартуды және студенттік жатақханаларда тұруды, гранттарды ұлғайтуды, стипендияларды арттыруды және жастар саясатының басқа да мәселелерін көздейтін Жол картасының тармақтарын кезең-кезеңімен іске асыру барысы туралы таңыстырып өтті.