Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

       27.04.21. депутат Нұрымова Г.А. Жамбыл облысы, Шу қаласының жастарына онлайн кездесу өткізді. Мәжілістегі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің жастарға қатысты бастамаларымен таныстырып шықты. Мысалы, «Қазақстандағы жастар саясаты: дамудың өзекті мәселелері мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында жастардың әл-ауқатын арттыру мақсатында көптеген ұсыныстар енгізілді. Сұхбатқа қатысушылардың сұрақтары жастарға қатысты Заң жобасын жетілдіру, толықтырулар көзделу жөнінде және Жас мамандар үшін «Дипломмен ауылға» бағдарламасының  моно-қалаларда күші жүрмейтіні туралы болды. Әнгіме барысында депутат жастар кәсіпкерлігіне қатысты бағдарламалар өз жалғасын табатын туралы және сонымен қатар, «Жастар саясаты туралы» заңға ұсыныстар енгізу мақсатында жұмыс тобы жұмыс бастағаны туралы айтып берді. Бұл жұмыс тобының отырыстарында жастарға мемлекеттік және жеке ұйымдардан 10-20% дейін жұмыс квотаны беру туралы және ерлі-зайыптылардың біреуінің жасы 29 дан асқан жағдайда да жас отбасы деген статусқа ие болуы керек деген сияқты ұсыныстар бергені туралы  айтты. Медицина кадрларының тапшылық мәселесі еліміздің біршама аймағында өзекті мәселе. Соның бірі Жамбыл облысы. Осы мәселені шешу мақсатында тұңғыш депутаттық сауалда «Дипломмен ауылға!» жобасының кадр тапшылығы мәселесін шешуде осал екендігін атап өткен болатын. Бұл жобаға моноқалалар кірмейді. Шағын қалаларды да осы бағдарламаға кіргізу керек және жас мамандарға үстемақылар, пайызы төмен несиелер т.б. әлеуметтік пакеттер ұсынылуы керек. Аталған ұсыныстарды жолдаған сауалымда нақты көрсетті. Келесі депутаттық сауал әлеуметтік медициналық сақтандырудың өзекті мәселелеріне және медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселелеріне арналды. Депутат - "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшесі ретінде сұхбат қатысушыларын партия депутаттарының жастар саясаты бағыттағы жұмысымен таныстырды. "Nur Otan" партиясы үшін маңызды міндеттердің біреу - жастар саясаты мәселелерін шешу болып табылады. Депутаттар партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы тармақтарының орындалуын бақылауда ұстайды. Жол картасының 20-ға жуық пункті жастарға арналған - ол жоғары оқу орындарына гранттар санын 50% - ға арттыруды көздейді, бұл еліміздің 75 мың жас азаматы, тұрғын үймен қамтамасыз ету және жұмысқа орналастыру, жастардың бастамаларын қолдау, стипендияларды арттыру және тағы басқа мәселелерді шешу.