Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

        29 мамыр күні депутат Нұрымова Г.А. Тараз қаласындағы "Nur Otan" партиясы Жамбыл облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдау өткізді.

Қабылдауға Тараз қаласының тұрғыны, екі бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана С. келді. Әйелдің проблемасы сирек емес - азаматтық күйеуінің тұрмыстық зорлық-зомбылығы. Өкінішке орай, біздің мемлекетімізде осы күнге дейін бұл мәселе ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бір таңқаларлығы, сот шешімі бойынша жер аударылған Өзбекстан азаматы - күйеуі бостандықта жүр. Сонымен қатар, мас күйінде ана мен балалардың тыныштығын бұзады, әйелді ұрады. Сол жерде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа бақылауды күшейту мақсатында Жамбыл облысы ЖПҚ аға инспекторымен телефон арқылы әңгімелесті. Азаматша С. "Еңбек" бағдарламасы шеңберінде 200 АЕК көлемінде гранттардың жеңімпазы болғанын білген соң, әйелге "Білгеніңмен бөліс" Іскер әйелдер қауымдастығы бағдарламасының қатысушысы болуды ұсынды, онда кәсіпкерлік саласындағы білімді жақсарту және азаматтардың материалдық жағдайын арттыру мақсатында гранттардың жеңімпаздарын менторлар сүйемелдейтін болады. Ол өзі және балалары үшін жақсы болашаққа үмітпен кетті. Бұл ана "Білгеніңмен бөлім" бағдарламасы менторларының көмегімен өз күшін табады деп үміттенеміз.