Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

      8 шілде күні депутат Г.Нұрымова Жамбыл ауданында жұмыс жалғастырды. А.Н.Тимофеевтің ұжымымен кездесуден кейін Гродиково ауылының тұрғындарымен әңгіме өрбіді. Кездесу барысында депутат олардың сұрақтарын тыңдап, оларға жауап, түсіндірмелер берді. Бүгінгі күні ауыл тұрғындарын алаңдатып отырған мәселелердің қатарына шөп пен басқа мал азықтық дақылдардың бағасын тұрақтандыру, әлеуметтік мәселелер, инфрақұрылым жатады. Өкінішке орай, маңызды өнімдерден бастап ауылшаруашылық техникаларына дейінгі барлық нәрселердің бағаларының өсуі бүгінде аймақтағы ең өзекті тақырыптардың бірі болып табылады.

      Аса ауылындағы «Мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының» жұмысымен танысу кезінде оның кешеннің 3 қабатында орналасқандығы таңқалдырды. Ыңғайсыз, тіпті балаларға да, олардың ересек әлеуметтік қызметкерлеріне де қиын деп айтуға болады. Орталық қызметкерлерінің өздері де осы тақырыпты көтерді - оңалту орталығының 1 қабатына көшу немесе жаңа ғимарат салу мүмкіндігі туралы сұрақ қойылды. Бұл мәселе байыпты көзқарас пен шешімді талап етеді.

     Келесі кездесу - аудандық аурухана қызметкерлерімен өтті. Аймақтық деңгейде Г.Нұрымованың сессия барысында депутаттық сауалдарда, дөңгелек үстелдер мен әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырыстарында Мәжіліс деңгейінде көтерген мәселелер өзекті болып қала береді. Бұл медициналық кадрлардың жетіспеушілігі және медициналық қызметкерлердің жұмысын ынталандыру, денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру және міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі сақтандырылмаған азаматтардың мәселері және т.б..

     Жұмыс күнінің соңында депутат Аса ауылындағы «Техникалық шығармашылық және мансапқа бағдар беру орталығына» барды. Орталық - баланың (және онымен айналысатын 1400-ден астам бала бар) қабілеттерін дамытуға және өз армандарын жүзеге асыруға мүмкіндігі болу үшін барлығы шоғырланған орын. Күрделі жөндеуден өткен ғимараттың өзі заманауи және әдемі дизайнмен, шығармашылықпен айналысуға ыңғайлы үй-жайлармен, ең жаңа технология бойынша қажетті компоненттермен жабдықталған. Мұның бәрі тартымды болғаны соншалық, әр баланың қызығушылығын тудырады. Бала  мұнда не істей алады десеңіз бір жауап - барлығын!  Балалардың қолында мың бір мүмкіндік бар! Бұл орталық бүгінде ауданның мақтанышы! Жақын арада бұл өз нәтижесін берері сөзсіз. Орталықта балалрдың нақты мақсаттары мен болашаққа нақты жоспарлары бар, бұл өте жағымды.
     Сонымен, Жамбыл ауданыннда депутат екі аулда болып, 6 кездесу өткізді,
     Ертең келесі жұмыс күні, ол облыстың Байзақ ауданында жалғасады.