Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

     9 шілде күні айында депутат Г. А. Нұрымова өңірдегі жұмысын жалғастырды. Байзақ ауданына жұмыс сапары өтті.

     Күн тәртібіндегі бірінші мәселе - Бурыл ауылындағы 300 орындық орта мектеп құрылысымен танысу. Депутат объектідегі жұмыстармен танысып, мердігер – "Өмірзақ" ЖШС басшысымен кездесті. Бұл мектеп бойынша құрылыс жұмыстары 2020 жылдың 20 наурызында басталған, оны 2021 жылдың тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Қазіргі уақытта мұнда 65 адам жұмыспен қамтылған, олардың жартысынан астамы - жергілікті тұрғындар. Құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, мектепті жаңа оқу жылының басында тапсыру жоспарлануда.

     Мектептен кейін Г.А. Нурумова Сарыкемер ауылының орталық аудандық емханасында болды. Емхана ғимараты 50 жыл бұрын салынған және қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес келмейді. Жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің ақпараты бойынша жаңа ғимараттың құрылысы бойынша ЖСҚ құжаттары дайындалды. ҚР ДСМ қолдауы және республикалық бюджеттен қаржы бөлу қажет. Сарыкемер ауылындағы орталық аудандық емхананың әріптес - медицина қызметкерлерімен кездесуде Денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Кездесуге қатысушыларды медицинаның проблемалық мәселелері бойынша депутаттық сауалдарының мазмұнымен таныстырып, қабылданған шешімдер туралы айтып берді.

    Сапар соңында "Nur otan" партиясының аудандық филиалында Байзақ ауданының тұрғындарын қабылдады. Қабылдауда 5 адам болды. Ауыл тұрғындары мал жаю үшін жайылымдық жерлердің болмауы, бала күтімі бойынша жәрдемақыларды есептеу, ЖТҚ үшін жер учаскесін алу, кредиттеудің Мемлекеттік бағдарламалары туралы өтініш білдірді. Барлық сұрақтар бойынша түсініктемелер берілді, ал олардың кейбіреулері сол жерде шешілді. Қабылдау жергілікті органдар мен партия өкілдерінің қатысуымен өтті. Береке басы - бірлікте деген ата-бабамыз. Бірге - біз күшпіз, бірге барлық проблемалар да тезірек шешіледі.

       Графикке сәйкес келесі аудан - Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданы.

Толығырақ:


https://www.instagram.com/p/CRI3ryth3Bs/?utm_medium=share_sheet


https://m.facebook.com/story_fbid-10209005147843878&id=1772521671&sfnsn=mo


https://www.facebook.com/profile.php?id=100015055414337


https://www.facebook.com/profile.php?id=100029191776526


https://www.facebook.com/AkimatBaizak/photos/a.1898491550444953/2355165494777554/?_tn_=%3C