Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    14 ақпанда "Nur Otan" партиясы фракциясының жиналысы өтті. Күн тәртібінде ұйымдастырушылық мәселелер - Мәжілістегі партия фракциясының жетекшісін сайлау, сондай-ақ Президент, партия Төрағасы Қ.Қ. Тоқаевтың а. ж. 28 қаңтарда өткен партияның кезектен тыс съезінде алға қойған міндеттерін іске асыру туралы мәселелер болды, Мәжіліс Төрағасы заң шығару қызметінің сапасын арттыруды, депутаттық сауалдар тақырыптарының өзектілігіне назар аударуды тапсырды. Әріптестер алдында сөз сөйлеген фракция жетекшісі қаңтардағы қайғылы оқиғалардан кейін еліміздің әрбір азаматы тұрақтылықтың қаншалықты маңызды екенін түсінгенін атап өтті. Елдің одан әрі дамуы үшін азаматтар елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық тұрақтылығына сенімді болуға тиіс және азаматтардың нақ осы сенімі үдемелі қозғалысқа серпін береді. Осы оқиғалардан кейін ел қоғамдық саясат дәуіріне кірді. Бұл депутаттарға да қатысты. Сондықтан ақпараттық салада, әсіресе әлеуметтік желілерде жұмыс істеу өте маңызды. Өзіміздің алдағы жұмысымызда біз әр азаматты барынша тыңдап, тыңдап, өз өңірлеріміздің проблемаларын жіті білуіміз керек. Өңірге шығу, сайлаушылармен, жергілікті атқарушы органдармен жұмыс істеу депутаттарға сайлаушыларға жақын болуға көмектеседі. Кездесулер халықтың барлық топтарын қамти отырып, соның ішінде наразылық көзқарастарымен және сондай көңіл-күйдегі азаматтармен, сондай-ақ жастармен тиімді болуы тиіс. Қаңтардағы сабақтар бізге көп нәрсені үйретті, көп нәрсеге көзімізді ашты. Өңірлердегі Қоғамдық кеңестер мен мәслихаттардың жұмысына көп көңіл бөлу керек.