Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    Бүгін депутат Г. Нұрымова және әріптестері – Бұларов И.Ю., Раззақ Н.Р. Әулиеата өңіріне жұмыс сапары кезінде тарихы терең, мыңдаған шәкірттерді ұясынан ұшырған М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік университетінің студенттерімен кездесуді өткізді.  Университет ректоры Т.Ешенқұлов университеттің бүгінгі тынысымен таныстырып, М.Х.Дулати атындағы орталық музейдің сан ғасырлық тарихын түсіндірді.
Сондай-ақ жалын жүректі жастардың ойын біліп, мемлекет тарапынан іске асып жатқан түрлі қолдаулар мен болашаққа деген баянды бағдарламаларды түсіндіріп, кеңінен талқылап өттік. Бұдан өзге қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді. Сонымен қатар оқу орданың профессорлық-оқытушылық құрамымен жиын өтті. Депутаттар жан-жақты талқыланған мәселелер бойынша мұғалімдерге деген мемелекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектер мен қолдауларды жеткізді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының жастарға арналған бағдарламаларын баяндады. Қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, айтылған ұсыныстарды Үкіметке жеткізіп, тиісті жұмыстарды жүргізетін болады. Кемел келешектің кейіпкерлері - жастар десек, сол жастарға деген барлық тәрбиені де білімді де беретін ұстаздардың жолы бөлек, жөні бөлек. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға деп хакім Абай атамыз айтқандай толағай табыстар мен шығармашылық жетістіктер тіледі.