Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

         Бүгін депутат Нұрымова Г.А. СИ-13 мекемесінде жатқан жастардың жағдайына барды. Қазіргі қоғамдағы барлық әлеуметтің басты мәселесі - Қаңтар оқиғасы екені сөзсіз. Барып жағдайларын көрді, танысты. Жазықсыз жала жабылып, заң күшінде заңсыз әрекеттерге барды деген айыппен жатқан жастардың құқығын қорғау біз үшін үлкен міндет. Дәл бүгінде тағы бір жас бала босатылды. Қазіргі таңда Тараз қаласында жазықсыз жастардың босатылуы үшін Бас прокуратураға депутаттық сауалым жұмыста. Мекемеде жатқан жастарға қысым жоқ. Тек жазықсыз болса дәлелдеп, отбасы ортасына оралу. Ал бұл тәртіпсіздікке кінәлі бассыздар ұсталып өз кінәлары үшін жауап беретіндігіне барлық қоғам сенуде. Осы мәселе бойынша ары қарай ата-аналар қауымымен кездесті. Сабырлыққа шақырды. Тергеу шараларының заңды және әділ түрде өтіп, қатысы жоқ жеткіншек жастардың отбасына оралуына, әрине, тілектес. Ол бойынша да арнайы жұмыстар жүргізіліп жатыр.