Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    Бүгін депутат Г.Нұрымова және әріптестері М.Төлепберген, Н.Раззак, И.Буларов облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Б.М. Сапарбаевтың қабылдауында болды. Облыс басшысы депутаттарды қаңтар айында орын алған тәртіпсіздіктер салдарын жою, нысандарды қалпына келтіру, әлеуметтік мәселелерді шешу жұмыстарымен таныстырып, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын одан әрі көтеру мақсатында қолға алынған шаралар жөнінде жан-жақты тоқталып өтті. Айта кету керек, облыста құрылған «Қоғамдық қабылдау» тобы құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты ұсталған күдіктілермен және олардың ата-аналары, жақындарымен кездесулер өткізіп, түсіндіру, зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Кездесу соңында Мәжіліс депуттарының 17-26 ақпан аралығында облыстағы жұмыс сапарына сәттілік тіледі.