Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

       Бүгін депутат Г.Нұрымова Сарысу ауданына жұмыс сапарымен келді. Аудан тұрғындарымен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдау барысында ауданның әлеуметтік мәселелеріне қатысты 17 азамат қабылданды. Қабылдау барысында аудандағы алпауыт өндіріс орындарына және жеке кәсіпкерлік нысандарына жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға мейлінше қолдау көрсету қажеттігін алға тарта отырып, Ақсақалдар кеңесінің ұсыныс тілектерін тыңдады. Қоғамдық қабылдауға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Нұржан Нұрәлиев, аудан тұрғындарының өтініштері мен сұрақтары барысында бұл кезек күттірмейтін мәселенің оң шешімі табылып жатқандағын жеткізді. Биыл ауданда «Qazaqsoda» зауытының құрылысы толық іске қосылатынын, сондай-ақ «Еврохим» кәсіпорын кешені құрылысының екінші кезеңі бастау алатындығын жеткізіп, 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты.