Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Аймақпен жұмыс өткізу

    Бүгін депутат Нұрымова Г.А. Сарысу ауданына жұмыс сапарында бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарға барды. Солардың ішінде Жаңатас қаласында орналасқан Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының материалдық-техникалық базасымен таныстық. 1976 жылы қолданысқа берілген мектеп, 2014 жылы толық күрделі жөндеуден өткен. Мектеп директоры - Нұрбибі Қамбарбаеваның айтуынша, қазіргі таңда мектепте 1436 оқушы білім алуда. Аталмыш мектеп түлектері республикалық пәндік олимпиадаларда топ жарып, ҰБТ бойынша соңғы үш жылда жоғарғы нәтиже көрсетуде.

    Сондай-ақ, аудандық орталық аурухананың жұмыс тәртібін көзбен көріп, жергілікті дәрігерлермен кездестік. Осы бағыттың өкілі болғандықтан медицина саласының мамандарына бірқатар сұрақтар қойып, ұсыныстарын тыңдадым.